Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр

Фото:t.me/danapartner

Журналист Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурдың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурдың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары оның Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлттық араздықты қоздыру бойынша іздеуде екенін растады.

Тергеу әрекеттері оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған. Бұл жұмыспен Интерпол айналысып жатыр.

Реклама
Реклама

"Оған 6 баппен халықаралық іздеу жарияланды, істің басым көпшілігі алаяқтық бабы бойынша. Оның нақты қайда екенін айта алмаймын. Бірақ әлеуметтік желілерде оның БАӘ-ден пікір білдіріп жатқаны жазылды. Бізде әзірге ондай ақпарат жоқ. Тергеу аяқталған соң, сот отырысы өте ма, жоқ па белгілі болады", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Айта кетейік, Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың сәуірінде қозғалды. Іске әлеуметтік желілердегі жарияланымдар негіз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама