Даниал Ахметов ШҚО-да үйін су басқандарға: Сіздерге жаңа баспана береміз

Кеше кешкі уа?ытта Шы?ыс ?аза?стан облысыны? ?кімі Даниал Ахметов су бас?ан Глубоковский ауданына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Глубочанка ?зеніндегі су ал?ан к?пірді ?арап, ма?ында?ы ?йлерді? т?р?ындарымен кездесті. 

Кеше кешкі уақытта Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов су басқан Глубоковский ауданына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Глубочанка өзеніндегі су алған көпірді қарап, маңындағы үйлердің тұрғындарымен кездесті. 

Қазіргі уақытта Тарханка, Прогресс, Белоусовка, Предгорное және Глубокое ауылдары әлі су астында қалып отыр.

Реклама
Реклама

Жағдаймен танысқан Даниал Ахметов өзен арнасын тазарту үшін ауыр экскаватор қоюды тапсырды. Әкім кездесу барысында зардап шеккендерді тыңай келе олардың барлық шығыны өтелетініне сендірді. 

"Арнайы комиссия үйлерді бағалайды. Егер үйлеріңізді қалпына келтіру мүмкін болса, қалпына келтіреміз. Қалпына келтірмесе - жаңа үй немесе пәтер береміз. Шығынның бәрін есептейміз, өтейміз", - деп сендірді Ахметов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама