Данияр Ақышев пен Аслан Сәрінжіпов Медеуге велосипедпен көтерілді

© Аслан Сәрінжіповтың facebook парақшасынан

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы басшысы Аслан Сәрінжіпов пен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласының төңірегінде волсеруенге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірге түскен суретті Аслан Сәрінжіпов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ер адамдар "Медеу" мұз айдыны алдында спорттық киімдер киінген және велосипед ұстап суретке түскен.

"Демалыста. Медеуге дейін веложарыс. Ақышев Данияр Талғатұлы ширақ екен. Мен қалыспауға тырыстым", - деп жазды Сәрінжіпов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Аслан Сәрінжіпов 42 жаста, ал Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев биыл 40-қа толады.

Еске салайық, Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов ақпан айында білім және ғылым министрі қызметінен босатылған. Кейінірек ол  "Назарбаев Қоры" президенті және "Nazarbayev University" қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып тағайындалған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама