09 сәуір 2019 | 15:17

Данияр Ақышев Тұңғыш Президенттің көмекшісі болды

© REUTERS

Данияр Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Данияр Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын", - делінген Елбасының шешімінде. 

Реклама
Реклама

Данияр Ақышев 1976 жылы дүниеге келген. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы - экономист. Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Республика ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық Банктің зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды. 2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды.

Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная