ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2022 | 09:27
Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатылды
Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарған.
Данияр Есин 2019 жылы маусымда ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған. 2020 жылы маусымда бұл қызметінен босатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также