26 маусым 2020 | 19:15

Данияр Есин Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды" - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және  мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды.  2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная