ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2020 | 20:37
Дәрі-дәрмек толған қойма түсірілген видео: "СҚ-Фармация" өкілдері түсінік берді
Бүгін әлеуметтік желілерде "СҚ-Фармацияда" жасырған дәрі-дәрмектер сақталған қойма табылды" деген видео тарады. "СҚ-Фармация" өкілдері осы жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін әлеуметтік желілерде "СҚ-Фармацияда" жасырған дәрі-дәрмектер сақталған қойма табылды" деген видео тарады. "СҚ-Фармация" өкілдері осы жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Видеоға түсірілген қойма - Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан "СҚ-Фармация" ЖШС ресми қоймасы екенін түсіндірген жөн. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютор ретінде "СҚ-Фармацияның" бір жолға қойылған логистикалық желісі бар.
Бұл желі Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 4 ірі логистикалық хабты қамтиды, осы қалалардың медициналық ұйымдары бойынша, сондай-ақ жақын маңдағы өңірлер бойынша тұрақты негізде дәрілік препараттар таратылады, олардың әрқайсысында бүкіл өңір үшін дәрі-дәрмектердің айлық қоры сақталатын транзиттік қоймалар бар және өз кезегінде дәрі-дәрмектер өңір ішінде таратылады", - делінген хабарламада.
Ақпарат бойынша, қоймаларда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 136 ауру тобына (онкология, қант диабеті, артериялық гипертензия, АИТВ, туберкулез және тағы басқалар), сондай-ақ стационарлық көмек үшін барлығы 1415 атау бойынша дәрі-дәрмек сақталады.
"Осы қоймалардан дәрілік заттар медициналық ұйымдарға тұрақты жеткізіледі және толтырылып отырады, сондай-ақ, жеткізушілерден тұрақты түрде тауар келеді. Тиеп-жөнелтуге арналған препараттар партиясы медициналық ұйымдардан түскен өтінімдер негізінде жасалған рұқсат қағазымен қалыптастырылады.
Хабтарда жақын орналасқан өңірлерге арналған препараттардың екі айлық қоры сақталады. Осылайша Нұр-Сұлтандағы қойма 5 облысты (Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары және СҚО) және астананы, Алматыдағы қойма - Алматы, ШҚО Алматы облысын, Шымкенттегі қойма - Шымкент, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын, Ақтөбедегі қойма - Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және БҚО-ны қамтамасыз етеді.
Транзиттік қоймаларда барлық өңірді осы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін бір айлық қор сақталады. Тиісінше, "СҚ-Фармация" қоймаларында видеода көрсетілген дәрілік препараттардың айтарлықтай көлемі бар", - деп хабарлады "СК-Фармация" өкілдері.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресте туындаған қиындықтарға байланысты тергеу жүргізу керегін айтты. Ол ММСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. - ЕСК.) және "СҚ-Фармация" басшыларын қызметтен босатуды тапсырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также