27 шілде 2020 | 15:00

Дәрігер "әуеден вирус шашқан ұшақтарға" қатысты пікір білдірді

Ұшақпен вирус шашыла ма және дезинфекциядан екіжақты пневмония дамиды ма? Бұл сұрақтардың жауабын Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшақпен вирус шашыла ма және дезинфекциядан екіжақты пневмония дамиды ма? Бұл сұрақтардың жауабын Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заманауи тілмен айтқанда, осы тақырып бойынша хайп қуатын адамдар бар. Олар белгісіз тікұшақ, ұшақтар ұшып жүріп, пневмония тудыратын қандай да бір вирус пен ауруларды шашады дейді.

Реклама
Реклама

Тіпті логикалық тұрғыдан ойласақ, бұл мүмкін емес. Еуропалық ғалымдар Жер шарындаға коронавирус инфекциясының барлық мөлшерін жинаса, тіпті бір келіге толмайтынын айтқан. Ал енді елестетсек, бұл жердегі дезинфекция мөлшері қандай, ал вирустың салмағы - өте аз. Вирусты қалай себуге болады?", - дейді маман.

Сондай-ақ, ол дезинфекциялық заттардың "зияны" туралы айтты.

"Олар аллергия туғызуы мүмкін, онымен келісемін. Бірақ мұндай жағдай болмауы үшін, зарарсыздандыру жұмыстары адам жоқ жерлерде жүргізіледі және тұрғындарға үйден шықпау керегі ескертіледі", - деді дәрігер.

Еске салайық, бұған дейін қала үстінен ұшқан тікұшақтар қазақстандықтарды үрейлеткен болатын. Желіде қандай да бір затты шашып бара жатқан әуе кемесінің видеосы пайда болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная