11 тамыз 2021 | 17:58

Дәрігер балаларға COVID-19 қаупі қандай екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 10 мыңнан аса бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 10 мыңнан аса бала коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған балалар саны 10 мыңнан асады. Бұл стационарлық және амбулаториялық ем алған науқастар.

Балалар вирусты өте ауыр өткереді. Инкубациялық кезең ересектер сияқты 4-тен 14 күнге дейін. Бірақ балалардың бірден бірнеше органына әсер етуі мүмкін. Бұл денеге теріс әсер береді. Сондықтан, біз тұрғындар вакцина салдыру керек екенін айтудан жалықпаймыз. Осылай өзіңізді ғана емес жақыныңызды, достарыңызды, туыстарыңыз бен ұжымдастарыңызға қауіп төндірмейсіз", - деді Мұратов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус жұқтырған 74 бала стационарлық деңгейде емделіп жатыр, оның ішінде 7 бала ауыр жағдайда. Бірақ палатаға ауыстырылып, жағдайы тұрақталған. Жансақтау бөлімінде балалар жоқ.

Реклама
Реклама

Соңғы тәулікте 12 балада коронавирус анықталды. 834 бала үйде емделуді жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная