11 сәуір 2020 | 11:33

Дәрігер COVID-19 анықталған Меркі ауруханасында не болып жатқанын айтты

Толқынай Ордабаева және Қаламқас Төреқұл

Жамбыл облысында дауы арылмаған Меркі аудандық ауруханасының тағы бір дәрігері бейнеүндеу жолдады. Қаламқас Төреқұл әріптесі Толқынай Ордабаеваның айтқандарының бәрі ақиқат екенін айтты, - деп хабарлайды КТК.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында дауы арылмаған Меркі аудандық ауруханасының тағы бір дәрігері бейнеүндеу жолдады. Қаламқас Төреқұл әріптесі Толқынай Ордабаеваның айтқандарының бәрі ақиқат екенін айтты, - деп хабарлайды КТК.

Яғни, ол аталмыш емдеу мекемесінің қызметкерлеріне жұқпадан қорғану жағдайы жасалмағанын растап отыр.

Реклама
Реклама

"Біздің маскамыз кәдімгі төсек жаймасынан тігілген. Бізге ешқандай маска берілген жоқ. Вирус басталғалы, өтірік айтпасам, 3-4 маска берілген шығар. Қолдан тігіп алуды сұрайды. Антисептік, басқа да жағдай толық қамтылмаған", - деді Меркі аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Қаламқас Төреқұл.

Жас маман осылайша "басымызды бәйгеге тігуге мәжбүрміз" дейді. Ол бұрын болмаған бетперде мен өзге де вирустан қорғану құралдарының Ордабаеваның кабинетінен табылғанына да аң-таң. Ал мұндай деректі тексеріске келген жергілікті комиссия анықтапты. Оларға сенбейтінін ашық айтқан Қаламқас, бұл істі қадағалауға "Нұр-Сұлтаннан арнайы топ жіберілсін" дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Меркі аудандық ауруханасының дәрігері Ордабаева ауруханадағы бар былықты жайып салған. Ол өзі вирус жұқтырып, емделіп жатыр. Видеода аудандық аурухананың басшылық құрамы бір-біріне туыс, тіпті олардың облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына да жақындығы бар делінген. Ал Марат Жұманқұлов бұл уәжге қатысты жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты. "Тек тексеру қорытындысы біткен соң түсініктеме беремін" - деп құтылды. Бірақ сол тексеруден нәтиже шығатынына меркелік дәрігерлер сенбей отыр.

"Бізде отырған басшылық экономист, одан кейін бір-біріне туысқандар, апалы-сіңлілілер. Ал біздің облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жерде отырған бас дәрігердің күйеу баласы. Олардың бәрі таныстықпен, өздерінің сөздерін сөйлеп, бір-бірінікін дұрыс деп шығарып алады", - деген Меркі аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Қаламқас Төреқұл.

Дереккөз: КТК

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная