24 тамыз 2020 | 18:12

Дәрігер, дәнекерлеуші, жүргізуші. Алматыда қандай мамандықтар сұранысқа ие?

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы қалада қандай мамандар сұранысқа ие екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы қалада қандай мамандар сұранысқа ие екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Данияр Әлкебайұлы бірқатар кәсіпорынның, соның ішінде Алматыда да тоқтап қалуына байланысты халықты жұмыспен қамту мәселесі ерекше өзекті бола түскенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Тұрақты жұмыс орындарына қатысты айтсам, жыл басынан бері 23 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты, қазіргі уақытта электрон еңбек биржасында 15 мыңнан аса бос жұмыс орны жарияланған. Келіп түскен ұсыныстарға талдау нәтижесінде, жұмысшы мамандықтар, соның ішінде теміс ұстасы, дәнекерлеуші, электрші, жүргізуші сұранысқа ие екенін көруге болады. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласында және медицина қызметкерлері, яғни дәрігерлер, кіші медицина қызметкерлері және басқалары сұранысқа ие", - деді Данияр Әлкебайұлы.

Данияр Әлкебайұлы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы қалалықтарға уақытша жұмыс орындарын, мысалы, қоғамдық жұмыстарды ұсынатынын айтты.

"Алматыда қоғамдық жұмыстарға қатысқан адамдарға ең төменгі жалақы мөлшерінде (айына 85 мың теңге - автор) екі айлық төленеді. Бүгінде оған 12 мың адам қатысып жүр. Қоғамдық жұмыстарға барлығы 15 000 адамды жіберу жоспарланып отыр. Біз осы жұмыстарға ниет білдіргендердің барлығына бағыт көрсетуге дайынбыз. Көбі мұны тек көше, саябақтар мен алаңдарды тазарту деп ойлайды, бірақ негізінде бұл қарттарға, мүгедектерге немесе еріктілер қозғалысына көмектесу сияқты жұмыстар", - деді ол.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары да өте танымал. Жыл басынан бері бұл жұмыстарға 1 101 адам кіріскен. Бұл ретте мемлекет ең төменгі жалақыны, яғни 42 500 теңгені субсидиялайды, ал жұмыс беруші өз тарапынан қосымша ақы белгілейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная