09 ақпан 2022 | 09:48

Дәрігер қазақстандық балалар омикрон штамын қалай көтеретінін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, жоғары санатты инфекционист Марина Головенко коронавирустың омикрон штамын балалар қалай көтеретінін және оның дельта штамынан қандай айырмашылығы барын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, жоғары санатты инфекционист Марина Головенко коронавирустың омикрон штамын балалар қалай көтеретінін және оның дельта штамынан қандай айырмашылығы барын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, омикрон белгілері вирустық инфекцияға тән.

"Сондықтан да қызу көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, бұлшықет ауыруы түрінде интоксикация белгілері байқалады. Мысалы, Уханда табылған бірінші штамымен салыстырғанда, иіс сезбей қалу сияқты белгілер сирек. Жалпы иіс сезу басым көпшілігінде сақталады. Дельтамен салыстырғанда диарея әлдеқайда аз кездеседі. Дельта жұқтырғанда диарея жиі болады. Омикронда катараль көріністер айқынырақ, яғни бұл - мұрыннан су ағуы, түшкіру, жөтелу, жиі дауыстың қарлығуы. Бұл негізгі айырмашылықтар", - деді Головенко.

Реклама
Реклама

"Екпе алған және алмаған балалар арасындағы айырмашылықты айту қиын. Өйткені дүниежүзінде балаларды вакциналау жақында ғана басталды. Ал бізде вакцина алған балалар контингенті өте аз. Бізге ауруханаға келген балалар вакцина алмаған және олар кішкентай балалар. Үлкен балалардың ауруханаға жатқызылу ықтималдығы аз. Бірақ ересектердегідей, вакцина алғандар ауруды жеңіл өткереді деген жалпы тенденция әлі де бар", - дейді дәрігер.

Дәрігер омикроннан айығу уақыты дельтамен салыстырғанда қысқа екенін айтты.

"Вирус тез енеді, қысқа инкубациялық кезеңде әсер етеді: бір күн, бір жарым немесе екі күннен кейін ол бәсеңдейді. Бұл омикронның ерекшелігі", - деп түйіндеді алматылық дәрігер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная