19 маусым 2020 | 19:58

Дәрігер коронавирус індетінің күн ыстықта неге сейілмей жатқанын түсіндірді

Инфекционист-дәрігер Тамара Утағанова онлайн брифинг барысында жаздың басталуымен неге коронавирус жұқтырғандар азаюдың орнына көбейіп бара жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Инфекционист-дәрігер Тамара Утағанова онлайн брифинг барысында жаздың басталуымен неге коронавирус жұқтырғандар азаюдың орнына көбейіп бара жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күн жылынғанда коронавирус жұқтыру дерегі азаюы мүмкін деген болжам болған, бірақ ешкім оны жоғалып кетеді деген жоқ. Аурудың өршуі карантиннің әлсіреуімен тұспа-тұс келді, менің ойымша, бұл жерде болжамдар емес, карантиннің әлсіреуі және адамдардың бір-бірімен байланысы рөл ойнады. (...) Мұнда айналадағылар үшін қауіпті саналатын симптомсыз вирус тасымалдаушыларын анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Вирус жаңа, оның қалай дамитынын тәжірибе көрсетеді", - деді Тамара Утағанова.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол симптомсыз және ауруы жеңіл өтіп жатқан науқастар емделуге жатпайтынын айтты.

"Басында болған қатаң талаптар қазір жоқ. Науқас үйінде бола алады. (...) Үй жағдайында жату мүмкін болмаса, оқшаулану үшін карантиндік стационар көзделеді. Симптомсыз және ауруы жеңіл өтіп жатқан науқастар емделуге жатпайды. Емдеу симптоматикалық жағдайларда ғана жүргізіледі. Ауыз жұтқыншағында өзгерістер болса, шаю керек. Дене қызуы 38 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілген жағдайда ыстық түсіреміз, кейде науқас 37,5 градус температураны өте ауыр көтереді", - деді дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная