04 мамыр 2020 | 15:48

Дәрігер коронавирус пен басқа инфекциялардан болатын өлім көрсеткішін салыстырды

Фото: REUTERS

Иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков коронавирустан болатын адам өлімін басқа аурулармен салыстырды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков коронавирустан болатын адам өлімін басқа аурулармен салыстырды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Оның айтуынша, бірінші орында жүрек-қан тамырлары ауруы салдарынан болатын өлім көрсеткіші тұр. Сондай-ақ онкология ауруларынан оның ішінде өкпенің қатерлі ісігінен (рак) адам өлімі жиі тіркеледі екен.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар дәрігер ротавирус инфекциясы мен коронавирустан болатын адам өлімі статистикасын салыстырды.

Николай Крючковтың айтуынша, ротавирус - климаты жылы кедей елдердің проблемасы. Ал Ресейге бұл вирус айтарлықтай проблема тудырмайды екен.

Ең кедей елдерде және әлем бойынша ротавирустан адам өлімі көрсеткіші 0,05-0,09 пайыз аралығында, бірақ ең кедей елдерде бұл көрсеткіш 2 пайызға жетуі мүмкін.

"Ал менің оптимистік болжамым бойынша әлемде коронавирус инфекциясынан әлем бойынга адам өлімі көрсеткіші – 2 пайыз", - дейді Крючков.

Сарапшы Германияда коронавирустан адам өлімі көрсеткіші төмен екенін атап өтті.

Дәрігер ротавирус инфекциясына қатысты жағдай бақылауда екенін, ал коронавирус бойынша өлім көрсеткіші әлемде өсіп жатқанын жеткізді. Салдарынан індетті жұқтырғандардың да саны артып жатыр.

Сондай-ақ Николай Крючков COVID-19 вирусына қарсы әлі вакцияна табылмағанын атап өтті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная