Дәрігер ішек микрофлорасына пайдалы тағамдарды атады

Фото:depositphotos.com

Терапевт-дәрігер, диетолог Галина Волкова ішек микрофлорасына жағымды әсер ететін кейбір өнімдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Терапевт-дәрігер, диетолог Галина Волкова ішек микрофлорасына жағымды әсер ететін кейбір өнімдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, бұл тұздалған көкөністер – қияр мен қырыққабат секілді өнімдер.

"Рационға тұздалған көкөністерді – қырыққабатты, қиярды – қосуға болады. Олар ағзаны дәрумендермен ғана емес, ішек микробиотасына пайдалы пробиотиктермен де қамтамасыз етеді", – деді Волкова.

Реклама
Реклама

Дәрігердің айтуынша, тұздалған көкөністерден бөлек, көктемде ағзаға мұздатылған жидектер мен көкөніс қоспалары да жақсы әсер етеді. Олар көктемде жаңа піскен көкөністер мен жемістер аз болатын кезеңде қолданылады, себебі дұрыс мұздату кезінде олардың құрамындағы дәрумендер мен минералдар іс жүзінде толығымен сақталады.

"Көктемде жаңа өнімдер мол болмаса да, әрдайым теңгерімді тамақтанып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді нұсқалар табылады", – деді диетолог.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама