11 мамыр 2022 | 08:54

Дәрігер Шумковты өлтірген күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасады

Алматыда дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ұлының іш құрылысын тексеру үшін зонд тыққанда кеңірдегіндегі шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан тамақ іше алмай қалған жігіттің жағдайы күннен-күнге нашарлаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ұлының іш құрылысын тексеру үшін зонд тыққанда кеңірдегіндегі шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан тамақ іше алмай қалған жігіттің жағдайы күннен-күнге нашарлаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, ашынған жігіт ақыры осындай ауыр қылмысқа барған. Жақындарының айтуынша, тергеу изоляторындағы айыпталушының жағдайы одан бетер нашарлап, жүріп-тұрудан қалған.

Ақпанда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың қабылдауына жазылғанда Нұржанның тұрпаты зіңгіттей болған. Анасының айтуынша, асқазанын тексеру үшін наркозбен зонд өткізгенде кеңірдектегі шеміршегі сынып, екі айдың ішінде 95-тен 64 келі салмаққа бірақ түскен. Анасы тамақ іше алмай құр сүлдері қалған жігіт дәрігер қатесін мойындамай, теріс айналғаннан осындай қылмысқа барғанын айтады.

Реклама
Реклама

"Кейін барды, менсіз барды, келінмен. Сол кезде барып айтса, салқын шығарып салыпты, тыңдамай. Өйткені барлық жерге барып қаралғанда ешқандай дәрігер алатынын алып, қараларын қаралып алғаннан кейін, тіпті бұдан қаша бастады. Еш жазылмағаннан кейін олар ешқандай диагноз қойылмағаннан кейін қаша бастады", - дейді күдіктінің анасы Бақыт. 

"Қолымен істегенді мойнымен көтереді" деген анасы Нұржан сотқа жетпей өліп кете ме деп сары уайымға салынған. Тергеу изоляторында жағдайы күрт нашарлап кетіпті. Қағаз жүзінде "денсаулығы қалыпты" дегендердің сөзіне күдікпен қарайды.

"Зілтемірмен әкеліп жолықтырады. Не тұра алмайды, не жүре алмайды, не тамақ іше алмайды. Дәретін, құсқан құсықтарының бәрін жанындағы адамдар төгіп қарап жатыр. Ал дәрігер қарайды дегені, олар қағаз жүзінде ғана қарап жатыр. Негізінде, балаға ешқандай ем қолданып жатқан жоқ. Себебі, дәрігерді өлтірдің дегендей балама қарамай жатыр", - дейді күдіктінің анасы.

35 жастағы күдікті Нұржан үш баланың әкесі. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Осыған дейін істі болмаған. Түрмеге отырса да, "о дүниеге аттанып кетпесін" деп шырылдаған ана жалғыз ұлының нақақтан-нақақ қараусыз өліп кетпегенін қалайды. Күдіктінің анасы Бақыт кешірім сұрады. 

"Құрметті Қазақстан халқы, 19 миллион халықтың алдында кешірім сұраймын. Баламның қылығына. Қайтыс болған дәрігердің отбасынан, туыстарынан басымды иіп кешірім сұраймын, бізді кешірсін!" - деді күдіктінің анасы. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болғаны хабарланған болатын. Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.

Кейінірек Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталған болатын. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная