ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2020 | 13:58
Дәрігерлер Алматыда коронавирус жұқтырған қыздың жағдайын айтты
Алматыға Германиядан ата-анасымен ұшып келген, коронавирус анықталған 12 жастағы қыздың жағдайы қанағаттанарлық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі өңірлік штабқа сілтеме жасап.

"Алматыда Германиядан ата-анасымен келген 2008 жылғы қыз әуе кемесінің бортынан бірден балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Айта кету керек, экипажды қоса алғанда, 12 адамнан тұратын борт әуежайдан оқшауланды, олардан сынама алынды", - делінген хабарламада.
16 наурыздағы жағдай бойынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың зертханалық расталған 7 жағдайы тіркелді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также