21 тамыз 2023 | 10:40

Дәрігерлер жүрегі ауыстырылған жігіттің жағдайы туралы айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Биыл шілдеде Алматыда Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да донорлық жүректі алғашқы трансплантаттау жүргізілді. 7 жыл бойы донорлық жүректі күткен "Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі" диагнозы қойылған 23 жастағы жігітке жүрек трансплантатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл шілдеде Алматыда Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да донорлық жүректі алғашқы трансплантаттау жүргізілді. 7 жыл бойы донорлық жүректі күткен "Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі" диагнозы қойылған 23 жастағы жігітке жүрек трансплантатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүрек доноры 53 жастағы алматылық, 3 сатыдағы артериялық гипертензиядан зардап шеккен үй шаруасындағы әйел, 4-сатыда болды. 2017 және 2022 жылдары ол ишемиялық типтегі жіті ми қанайналым бұзылуларын бастан өткерген. 2023 жылы ишемиялық типтегі үшінші ЖМҚБ-дан қайтыс болды. Жедел медициналық көмек бригадасы оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Қарқынды терапия нәтиже бермеді, алтыншы күні мидың өлімі анықталды. Туыстарына донорлық және жүрек, бауыр және бүйрек аурулары бар мұқтаж пациенттерге көмек көрсету мүмкіндігі туралы айтылды. Олар "Ананың жүрегі соғып, басқа біреуге көмектеседі" деген сеніммен бірден келісті", - делінген хабарламада.

Бұрын донорлық жүректі трансплантаттау Астанадағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында жүргізілген. Жүректі трансплантаттау - бұл қызметкерлерді ұйымдастыру, даярлау және арнайы жабдықты сатып алу тұрғысынан өте көп уақытты қажет ететін процесс. Донордың пайда болуынан бастап, мидың өлімі туралы мәлімдеме, донорды тексеру, оның отбасымен өзара іс-қимыл, сот медицинасының рұқсаты, ағзаларды алу, содан кейін ғана - ағзаларды трансплантаттау. Медициналық мекемелер, санавиация, полиция және басқа да арнайы қызметтер арасындағы нақты үйлестіру маңызды фактор болып табылатыны айтылды.

Реклама
Реклама

"Трансплантаттау мен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың арқасында құрылымдардың өзара іс-қимылы бірқалыпты өтті. Жүректі трансплантаттау мүмкіндігіне профессор Юрий Пя және м.ғ.д. Махаббат Бекбосынова бастаған ҰҒКО және UMC үлкен үлес қосты, олар ұйымдастырушылық және практикалық қолдау көрсетті".

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, іріктеу өлшемшарттары бар: реципиент қан тобына, дене салмағының индексіне, бойына қарай таңдалады. Донордың салмағы реципиенттің салмағынан 30 пайыздан аспауы тиіс. Жүрек доноры 60 жастан аспауы керек, өйткені мұндай жүрек қалпына келтіру үшін жеткілікті резервке ие, кардиопатия мен жүрек жарақаты жоқ, қалыпты ЭКГ және ЭХОКГ бар.

"Қазір Данияр емханадан шығып, үйде отыр. Біз онымен күнделікті байланыста боламыз. Трансплантаттаудан кейін пациентті қадағалап-қарау екі фазадан тұрады: ерте индукция және ұзақ мерзімді қолдау. Оң жақ қарыншаның эндомиокардиалдық биопсиясы алынды, бұл жедел бас тарту диагнозын қою үшін "алтын" стандарт. Ағзадан бас тартудың алдын алу мақсатында иммуносупрессивті терапия жүргізіледі", - дейді клиниканың кардиохирург дәрігері Жанар Нұрбай.

"Өзімді қалыпты сезінемін. Күн сайын динамика жақсаруда. Жаңа жүрекпен сезіну әдеттегідей - табиғаттан тыс ештеңе жоқ. Операцияға дейін физикалық белсенділікке төзу қиын болды. Мен арнайы жоспарлар жасамаймын, бірінші жылы мен толық қалпына келгім келеді, фитнес-залға барып, денемді жетілдіргім келеді. Мен сондай-ақ қызмет түрін өзгерткім келеді, бірақ мен нақты не істегім келетінін әлі шешкен жоқпын", - дейді Даниярдың өзі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная