ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2020 | 17:16
Дәрігерлер коронавирус жұқтырған алматылықтардың жағдайын айтты
Дәрігерлер коронавирус жұқтырған алматылықтардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дәрігерлер коронавирус жұқтырған алматылықтардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін қалада тағы екі коронавирус жұқтыру дерегі анықталған болатын. Осылайша, Алматыда қазір алты адам вирус жұқтырған.
"Қазіргі уақытта төрт науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы - орташа ауырлықта. Олардың барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр, вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия уақтылы басталды", - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысыбастығы Тілеухан Әбілдаев.
Еске салайық, 15 наурызда екі адамнан вирус анықталған еді. Бірінші науқас - 1959 жылы туған әйел, Алматыда инфекциялық ауруханада жатыр. Ол бұрын ауруханаға түскен науқастың әйелі.
Екінші науқас - 25 жастағы жігіт, Сеул - Алматы рейсімен келген. Ол инфекциялық ауруханаға жатқызылды.
"Науқастармен тығыз байланыста болған адамның бәрі карантинге жатқызылды. Қаладағы барлық медициналық мекемеде коронавирусты анықтауға және емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғылар бар. Медицина қызметкерлері қатаң сақтық шараларын орындап жатыр", - деді Әбілдаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также