06 қыркүйек 2023 18:36

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы қанша?

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы Целиноград аудандық емханасының директоры Дәурен Сибанбаев Қазақстандағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОКҚ брифингі барысында Сибанбаев елдегі орташа жалақы жыл сайын өсетінін айтты.

"Қазір бізде университетті бітірген жалпы медицина дәрігерінің орташа жалақысы - шамамен 382 мың 489 теңге. Бейінді маманның орташа жалақысы - 288 мың 367 теңге, ал жалпы тәжірибелік медбикенің орташа жалақысы - 246 мың 347 теңге. Бұл - негізгі орташа жалақы. Содан кейін бұл сомаға жұмыс тәжірибесі мен санатына қарай тағы қосылады", - деді Дәурен Сибанбаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram