Дәрігерлер миынан алып құрт алынған қыздың жағдайын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Семейлік дәрігерлер миынан алып құрт алынған науқастың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейлік дәрігерлер миынан алып құрт алынған науқастың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Науқас хирургиялық процестерден кейін оянды. Қазір есін біледі, ақырындап сөйлей алады. Аяқ-қолын қозғалтады, өзі тамақ ішеді. Анасын, туыстарын біледі. Науқас қарқынды терапияны жоспарлы түрде алып жатыр, оның ішіне қажет нәрсенің бәрі кіреді", - дейді Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирург дәрігері Төлеуғали Қойшыбаев.

Еске салайық, кеше, 18 қаңтарда еліміздің дәрігерлері қыздың басынан алып эхинококк алғаны хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Мидағы ісіктің бұл түрі дәрігерлер тәжірибесінде сирек кездеседі. 17 қаңтарда 20 жастағы қыз Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының невропатолог дәрігерлеріне келген. Алғашында оны инсульт болды деп ойлаған, бірақ миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама