ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2020 | 09:09
Дәрігерлер өкпесі 100 пайыз зақымданған науқастың өмірін сақтап қалды
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өкпесі 100 пайыз зақымданған науқасты аман алып қалды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері өкпесі 100 пайыз зақымданған науқасты аман алып қалды, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Телеарна мәліметінше, қазір аурухананың жансақтау бөлімінде 16 науқас жатыр. Олар жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Аурухананың жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін реаниматолог Айжан Шеризатқызының айтуынша, дәрігерлер өкпесі 100 пайыз зақымданған 44 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалған. Бір аптаның ішінде жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын айтады.
Ауыр халде жеткен науқас тыныс жетіспеушілігімен түскен.
"Ол науқас бірден жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Түрлі ем қабылдады. Бұл біз үшін өте ауыр. Үйге бармағалы 2 жарым ай болды. Мамыр айынан бері осы коронавирус ауруымен күресіп жатырмыз. Науқастарды емдеп, оларды осы қиын жағдайдан шығарып, үйіне қайтару біздің - мақсатымыз", - деді Орталық қалалық клиникалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Айжан Айтбаева.
Телеарна мәліметінше, күніне аурухананың жансақтау бөліміне 5-6 науқас ауыр жағдайда түседі екен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также