ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2021 | 15:17
Дәрігерлер вице-министрлерді вакцинациялау кезінде жиылған адамдарға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау вице-министрлерін вакцинациялау кезінде адамдардың көп жиналуына байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау вице-министрлерін вакцинациялау кезінде адамдардың көп жиналуына байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында журналист Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінен вице-министрлерді вакцинациялау кезінде біреу санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін жазалана ма деп сұрады.
"Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау вице-министрлері Қиясов пен Ғиният вакцинацияланған кезде журналистерді жинады. Осыдан кейін олар сұрақтарға жауап берді, біз суреттерден санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мүлдем сақталмағанын көріп отырмыз. Журналистер бір-біріне жақын тұруға мәжбүр болды.
Кімге айыппұл салынады, адамдар жаппай жиналды емес пе?" - деп сұрады журналист.
Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жауап берді.
"Вакцинацияның өзі барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып жүргізілді. Процедуралық кабинетте вакцинацияланған адам 30 минут бақылауда болды.
(...) Менің ойымша, қызметтік борышы немесе кәсіби міндетіне қарамастан, әлеуметтік қашықтықты сақтау әркімнің құқығы мен міндеті. Өзіңізді жұқтырмауға және басқаларға қауіп төндірмеуге тырысу - жоғары мәдениеттің элементі болуы керек.
Шынында да, біз көптеген журналист бір-біріне өте жақын тұрғанын, тіпті процедуралық бөлмеге кіруге тырысқандарын видеода көріп отырмыз. Бұл дұрыс емес. Дегенмен, брифинг басталмас бұрын барлығы айтылды. Әріптестер бізді түсініп, қашықтық сақтай бастады", - деді Тимур Мұратов.
Оның айтуынша, видеоға қысқа бір сәт түсіп қалған. Ол болашақта мұндай жағдайлар ескерілетінін айтты.
"Бұл мәселені пысықтаймыз. Ал айыппұлдарға келер болсақ... Біздің санитарлық эпидемиологтарымыз және басқа әріптестеріміз материалдарды зерттеп, қандай да бір баға береді деп ойлаймын. Біреуді жазалау керек деп айтуға әлі ерте", - деді Тимур Мұратов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также