ПОДЕЛИТЬСЯ
03 желтоқсан 2021 | 20:33
Дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған әйел жазаланды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылында дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған жиынға қатысушыға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылында дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған жиынға қатысушыға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақпараттық-түсіндіру тобы келген кезде бірқатар азаматтар жүргізіліп жатқан екпеге наразылықтарын білдірді. Ал жиналысқа қатысушылардың бірі қоғамға жат әрекет жасап, дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған.
"Аталған факт бойынша Шиелі аудандық сотында әкімшілік материал қаралды. Ұсақ бұзақылық жасаған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также