06 наурыз 2021 | 14:14

Дариға Исмағамбетова Ақтөбе әкімінің орынбасары болды

Фото: Ақтөбе әкімдігі

Ақтөбе әкімінің орынбасары болып Дариға Исмағамбетова тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе әкімінің орынбасары болып Дариға Исмағамбетова тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Дариға Исмағамбетова 1975 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.

Ақтөбе Дүние университетін педагогика және психология біліктілігі бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Калиновка орта мектебінің кітапханашысы болып бастады.

Реклама
Реклама

Әр жылдары Қобда ауданы Калиновка орта мектебінің тәрбиешісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектебінің мұғалімі, №15 орта мектебі директорының орынбасары, директоры лауазымдарында қызмет атқарды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды. Осыған дейін "Nur Otan" партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Орынбасар лауазымына тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная