Дариға Назарбаева “Астана Опера“ театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылды

viewings icon 495
Дариға Назарбаева. Фото: parlam.kz Дариға Назарбаева. Фото: parlam.kz

Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп жатыр.

Өзгерістер театрдың Қамқоршылық кеңесі құрамына қатысты. Атап айтқанда, кеңестен бірқатар тұлғаларды шығару ұсынылып отыр. Олардың ішінде Мәжілістің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаева, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев және Нұрлан Смағұлов, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ ERG акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев бар.

Реклама
Реклама

"Бұл өзгеріс Қамқоршылық кеңес құрамын қазіргі кадрлық құрылымға сәйкестендіру қажеттілігімен байланысты", – делінген қаулы жобасының негіздемесінде.

Құжат 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная