20 наурыз 2019 14:42

Дариға Назарбаева Парламент Cенатының спикері болып тағайындалды

© Тұрар Қазанғапов

Дариға Назарбаева Парламент Cенатының спикері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Назарбаева Парламент Cенатының спикері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл қызметке Сенат депутаттары арасында құпия дауыс беру нәтижесінде тағайындалды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын мақұлдады.

Реклама
Реклама

"Біз Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны Парламент Сенатының төрайымы қызметіне сайлау туралы ұсынысты ерекше қабылдадық, себебі біз бірінші жыл бірге жұмыс істеп жүрген жоқпыз, жұмыс топтарында да, комитет отырыстарында да, кулуарларда да қызмет етіп жүрміз", - деді сенатор Бірғаным Әйтімова.

Назарбаева осыған дейін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметінде болған еді.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. омоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған.

Мәжіліс төрайымы, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған, кейін Сенат төрайымы болып тағайындалды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram