09 сәуір 2019 14:32

Дариға Назарбаева президент сайлауына өз кандидатурасын ұсына ма?

© Тұрар Қазанғапов

2019 жылы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында Сенат спикері Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Назарбаеваның көмекшісі Сәуле Мұстафаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жоқ, Дариға Назарбаева өз кандидатурасын ұсынбайды", - деді Мұстафаева телефон арқылы. 

Реклама
Реклама

Материал 16:40-та өзгертіліп, толықтырылды. 

Сонымен қатар, Zakon.kz сайтында Дариға Назарбаеваның айтқан сөзі пайда болды. Басылым мәліметінше, Сенат спикері "кандидаттар туралы шешімді саяси партия қабылдайтынын" атап өткен. 

"Конституция және заңға сәйкес кез келген азамат өз кандидатурасын ұсына алады. Кандидатты ұсыну туралы шешімді саяси партия қабылдайтын болады", - деді Дариға Назарбаева. 

Сондай-ақ, ол дауыс беру нәтижесі Қазақстан халқына байланысты екенін, барлығы да заң аясында болу керектігін айтты. 

"Соған қарамастан Дариға Назарбаева сайлауда партия мүшелері өзінің кандидатурасын ұсынған жағдайда бұл ұсынысты қабылдау я қабылдамау туралы ештеңе айтпады", - делінген Zakon.kz материалында. 

Бүгін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram