Дәрігерлер науқастардың "лайкы" үшін сыйақы алады

© Тengrinews.kz

Денаулы? са?тау министрі Елжан Біртанов ?аза?станда д?рігерлерді? е?бека?ысы пациенттерді? о? ба?асы мен а?паратты? ж?йедегі рейтингіне байланысты болатынын м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда дәрігерлердің еңбекақысы пациенттердің оң бағасы мен ақпараттық жүйедегі рейтингіне байланысты болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәрігерлер жұмысының сапасына байланысты еңбекақы алғаны маңызды. Ал бұл сапаны пациенттер анықтайтыны белгілі. Сол үшін адам консультация алу үшін ақпараттық жүйе арқылы дәрігерлер туралы пікір оқып, кімге баратынын өзі таңдай алатындай жүйе құрғымыз келеді, - дейді министр. 

Министрдің айтуынша, пациент біліктілігі жоғары маманға кезекке тұра ма, әлде рейтингі төмендеу, бірақ бос уақыты бар дәрігерге бара ма өзі таңдайтын болады. 

Реклама
Реклама

"Бұл бағалаудың ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Әр пациент былайша айтқанда "лайк" қоятын болады. Бұл "жұлдызшалар" жүйеде көрініп отырады, ал қор осы жауаптардың қорытындысы бойынша қанша төлейтінін шешеді. Бұл кері байланыстың бір түрі", - дейді министр. 

Ал "лайкты" қолдан жинау мәселесі туралы сұраққа Елжан Біртанов жақсы дәрігерлердің мұндайға уақыты жоғын айтады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама