23 мамыр 2024 | 10:18

"Дәстүрлі өнер" мамандығына Қызылорда облысы әкімінің 10 оқу гранты бөлінеді

"Дәстүрлі өнер" мамандығына Қызылордада облыс әкімінің 10 оқу гранты бөлінеді. Бұл туралы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Н. Нәлібаев мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Дәстүрлі өнер" мамандығына Қызылордада облыс әкімінің 10 оқу гранты бөлінеді. Бұл туралы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Н. Нәлібаев мәлімдеді.

"Жыл сайын білімге құштар жастарымызға облыс әкімінің 100 гранты беріледі. Аталған оқу гранттарынан бөлек, бойында жыраулық өнерге қабілеті бар, жыраулық дәстүрді оқытатын жыршы-мамандарды даярлау үшін Қорқыт ата университетінің "Дәстүрлі өнер" мамандығына қосымша 10 оқу гранты бөлінеді", - деді облыс әкімі.

Реклама
Реклама

Айта кету керек, бұған дейін Қызылорда облысында жарияланған "Руханият жылы" аясында "Жыраулар үйі" ашылған болатын.

Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная