06 маусым 2024 | 09:21

"Дау тудыратын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын" - Путин Қазақстанмен қарым-қатынас туралы

видео кадры

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың болашағы қандай?" – деп сұрақ қойды "ҚазАқпарат" агенттігінің басшысы Асқар Жалдинов.

"Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара әрекеттесуіміздің көптеген бағыты бар. Мен тіпті бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Адамдар да бір-бірімен араласады", - деді Путин Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында сұрақтарға жауап беріп.

Реклама
Реклама

Ресей президенті Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның тиісті аумақтарымен тікелей қарым-қатынаста екенін түсіндірді. Оның айтуынша, олардың жұмысы тиімдірек, өйткені адамдар бір-біріне сенеді.

"Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қандай да бір жолмен қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын", - деп түсіндірді Ресей президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная