Даулы видеоның кейіпкері болған Қапшағай әкімі: Әрдайым зор дауыспен сөйлеймін, кейде әйелім де ескерту жасайды

©plus.google.com

Даулы видеоны? кейіпкері бол?ан ?апша?ай ?кімі С?тжан Кикимов о?и?аны? м?н-жайын айтты. Tengrinews.kz тілшісімен ??гімелескен ол ?р?ашан да зор дауыспен с?йлейтінін ж?не атышулы видеода ешкімні? ар-намысына тимегенін м?лімдеді. Біра? ол халы? арасында?ы ер адаммен "сіз" деп емес, "сен" деп с?йлескенін ?ателік деп біледі екен. 

Даулы видеоның кейіпкері болған Қапшағай әкімі Сәтжан Кикимов оқиғаның мән-жайын айтты. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен ол әрқашан да зор дауыспен сөйлейтінін және атышулы видеода ешкімнің ар-намысына тимегенін мәлімдеді. Бірақ ол халық арасындағы ер адаммен "сіз" деп емес, "сен" деп сөйлескенін қателік деп біледі екен. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде таралып кеткен видео өткен жылы түсірілген, бірақ ролик белгісіз бір себеппен енді ғана шығып отыр екен. Кикимов әр дүйсенбіде азаматтарды қабылдайтынын, тұрғындардың басым бөлігінің баспана мәселесіне қатысты сұрақ қоятынын айтып өтті. "Шынымды айтсам, бәрінің айтатыны бір мәселе... Әрдайым солай. Мен барлығына жауап беремін, бірақ мына азамат, құқыққорғаушы келіп, арандатты. Бізді жемқорлықпен айналысады деп айыптады, сатылып кетті деп айыптады, - дейді Қапшағай әкімі. - Мен, әрине, ашуға беріліп кеттім, бірақ шын мәнінде зор дауыспен сөйлеймін. Тіпті үйімде өз әйелім де маған ескерту айтады. Бірақ мойындайтыным - оған "сіз" емес, "сен" деп сөйлегенім қате болды. Бұл менің үлкен қателігім", - деді әкім. 

Алайда Кикимов ролик авторынан бұл қателігі үшін кешірім сұрағысы келмейді екен. "Мен кешірім сұрайтындай не болып қалды?! Ол бізге күйе жағып жатыр, сонда мен оған "Кешіріңіз, иә, біз жемқормыз" деуім керек пе? Солай болғаны ма?", - деді шенеунік.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама