Дәурен Абаев Астананың атауын өзгерту туралы пікірін білдірді

© Тұрар Қазанғапов

А?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаев депутатты? Н?рс?лтан Назарбаевты? есімін Астана атауында к?рсету туралы ?сынысы жайында пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев депутаттың Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана атауында көрсету туралы ұсынысы жайында пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен депуттаттардың ұсынысы қаралып, Елбасы бұл мәселе бойынша әдеттегідей жан-жақты қамтылған, салмақты шешім шығарады деген ойдамын", - деді министр Мәжіліс отырысынан тыс кезде. 

Астана атауын өзгерту Елбасының жеке басына табынушылық болмай ма деген сұраққа Дәурен Абаев: "Жоқ, олай деп ойламаймын", - деп жауап берді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министр бұл бастаманы бүгін ғана естіп отырғанын, сондықтан Астананың жаңа атауына "ешқандай ұсынысы жоғын" айтты. 

Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынған болатын. 

Сондай-ақ, Парламент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қабылдады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама