Дәурен Абаев Ratel.kz және Forbes Қазақстан редакцияларындағы тінтуге қатысты пікір білдірді

Дәурен Абаев Ratel.kz және Forbes Қазақстан редакцияларындағы тінтуге қатысты пікір білдірді Иллюстрациялық сурет © pexels.com

?Р а?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаев ???ы? ?ор?ау органдарынан Ratel.kz ж?не Forbes ?аза?стан журналистеріне ?атысты тергеу шараларыны? барынша айшы? болуын с?рады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев құқық қорғау органдарынан Ratel.kz және Forbes Қазақстан журналистеріне қатысты тергеу шараларының барынша айшық болуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тергеу шараларына араласа алмайтынымызды түсінесіздер ғой. Алайда өз тарапымыздан әріптестерімізге осы процестердің барлығы бұқаралық ақпарат құралдары үшін айшық және қолжетімді етуді сұрай аламыз. Тергеу шаралары кезінде бәрі анықталады, пікір береді деген ойдамын", - дейді Абаев үкімет отырысынан кейін. 

"Статистика жемқорлыққа қарсы бағытталған істердің артып отырғанын көрсетіп отыр, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер саны да артып отыр және тағы сол сияқты", - деп атап өтті ол.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама