12 маусым 2019 | 23:16

Дәуірлердің ауысуы қашанда жұртшылыққа оңайға соқпайды

Дәуірлердің ауысуы қашанда жұртшылыққа оңайға соқпайды. Ондай замана шырғалаңын тек жұдырықтай жұмылған, жігерін жалынға жаныған, көшбасшысының қасиет-қабілетін жазбай таныған ел ғана еңсере алмақ.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дәуірлердің ауысуы қашанда жұртшылыққа оңайға соқпайды. Ондай замана шырғалаңын тек жұдырықтай жұмылған, жігерін жалынға жаныған, көшбасшысының қасиет-қабілетін жазбай таныған ел ғана еңсере алмақ.

Біз сондай ел едік. Қазақтың туы жығылып, қанға малынбасын десек, Тәуелсіздіктің тамырына балта шабылмасын десек сол елдік қалпымыздан, салиқалы салтымыздан ары қарай да жаңылмайық және дұрыс қабылдайық, бауырларым!

Реклама
Реклама

Басымыздағы бүгінгі бақ-дәуренді адал бәсекелестіктен қашатын, тұтқиылдан тап беріп, тұңғиыққа тартатын теріс күштердің қитұрқы тірлігінің құрбаны етпейік! Сырттың сөзіне ереміз деп, жат идеологияның табанында тапталып қалмайық!

Бақ пен ауқатты, мән мен нәрді бірліктен, бейбіт тірліктен іздейік!

Қазақстан - алға ұмсынып, "дамыған ел" биігіне бет қойған мемлекет. Біздің барлығымыз өрге өрлеген альпинистер сияқтымыз. Егер бір-бірімізге қолдау болып, бірауызды қимылдау орнына, өзара талас-тартысқа түссек, құзға соғылып, бір-бірімізді біріктірген алтын арқаудан айырылып, құрдымға құламаймыз ба?

Қасым-Жомарт Кемелұлы есімі әлемдік элита өкілдеріне де жақсы таныс, мәртебесі биік, сөзі өтімді, пікірі қымбат саналатын тұлға.

Бөтеннің емес, өзіміздің Ұлы даланың ұлық ұланы. Қуанышы бір, қайғысы да ортақ халықпыз, өз ұланымызды өзекке теппейтін, қайта әр қадамына қуанатын бауырмалдығымыз қайда?!

Тоқаев - тегін адам емес, қоғамға жан-тәнімен қызмет ету, Мемлекет басшысы болу маңдайына жазылған текті тұлға. Ол Елбасыға сенімді серік, сертке берік.

Кезінде Ресей, Қытай секілді алпауыттармен арамыздағы мыңжылдықтар бойы құжат жүзінде межеленбеген шекарамызды шегендеу жолында аса ауыр келіссөздерде таңды-таңға ұрып, түнді-түнге жалғап, от шайнап, жалын бүркіп, ел мүддесін қорғап шыққан мемлекеттік қайраткер.

Мен бір жаңалықты айтайын: алда жоғары деңгейде Мемлекеттік тіл туралы бес жылға арналған жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы отыр. Осы құжатқа сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесін 2023 жылы - 94 пайызға жеткізу, қазақ тілді мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының үлесін 2023 жылы - 77 пайызға жеткізу және тағы да басқа ірі жетістіктерге жету үшін тың шараларды қолға алу көзделген.

Осының барлығы амандық болса, Қасым-Жомарт Кемелұлының президенттігі тұсында іске асады. Ендеше осындай байыпты қадамдардың өмірге жолдама алуына өзін қазақпын дейтін қандай адам қарсы шығады?

Халық сайлаған Президентімізге алға қойған сан-салалы жаңа міндеттерін орындауға ақ пейілімізбен, адал ниетімізбен мүмкіндік берелік. Сабыр сақтайық!

"Сабыр түбі сары алтын" деген ата-бабамыздың ақылына салсақ, алда жаңа жетістіктер үшін бір-бірімізді қуана құттықтап, бір-бірімізден шүйліге сүйінші сұрайтын шақ туады деген сенімдемін!

Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная