ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2020 | 19:04
"Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал". Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан мен тағы үш облыста күшті жел мен найзағайға байланысты 13 маусымда ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан мен тағы үш облыста күшті жел мен найзағайға байланысты 13 маусымда ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау облысында 13 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады, V класс өрт қауіптілігі сақталады. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 пайыз.
13 маусымда күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай соғады. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде өрт қаупі өте жоғары.
Көкшетауда күндіз 13 маусымда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-18 метр. Дауылдың ықтималдылығы 85-90 пайыз.
Қостанай облысының кейбір аудандарында найзағай, дауыл және бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күн бойы облыстың оңтүстігінде температура 35 градусқа дейін көтеріледі. Қостанайда күн күркіреп, оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также