ДДСҰ әлемде пандемия жағдайы тұрақтанғанын мәлімдеді

Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тұрақтанғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Майкл Рейннің айтуынша, соңғы екі аптадағы ауру кестесіне қараса, тұрақтылық келгенін байқауға болады.

Сондай-ақ, ол қазір COVID-19 таралуының жағдайы екі-үш ай бұрынғыға қарағанда жақсырақ деген пікір білдірді.

Реклама
Реклама

Алайда Райан әр елде жағдай айтарлықтай әр түрлі екенін айтты: бірнеше мемлекете вирус жұқтырудың күрт төмендеуі байқалады, ал басқаларында жаңа жағдайлардың саны өсіп жатыр. Оның пікірінше, бұл коронавирустың жаңа штамдарының таралуы, эпидемияға қарсы шараларды жеңілдету мен адамдар арасындағы байланыстың артуы сияқты бірқатар факторға байланысты.

ДДСҰ Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мария ван Керкхове әлемде коронавирус инфекциясының таралу жағдайын "екіұшты" деп сипаттады. Оның айтуынша, инфекцияның жаңа жағдайларының төмендеуі Америкада тіркелді, бірақ басқа континенттерде жұқтырғандар саны артып барады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама