ДДСҰ басшысы екінші мерзімге қайта сайланды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
ДДСҰ басшысы екінші мерзімге қайта сайланды Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қазіргі басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус екінші мерзімге қайта сайланды, - деп хабарлайды Reuters.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қазіргі басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус екінші мерзімге қайта сайланды, - деп хабарлайды Reuters.

Дауыс беру осы күндері Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының жиынында өтті. Сайлау процесі өткен жылдың сәуір айында басталған. Қаңтарда ДДСҰ-ның Атқарушы кеңесі бұл лауазымға жалғыз үміткер болған Тедрос Адханом Гебрейесусты ұсынды.

Гебрейесустың жаңа өкілеттік мерзімі 16 тамызда басталады. Ұйымның ережесі бойынша ДДСҰ бас директоры тек бір рет қайта сайлана алады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама