ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазан 2021 | 12:49
ДДСҰ басшысы жаңа қауіпті вирус пайда болуы мүмкін екенін айтты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жаңа қауіпті вирустың пайда болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Биологиялық тұрғыдан алғанда, бір күні басқа вирус пайда болатыны сөзсіз, біз оны тоқтата алмай қалуымыз мүмкін", - деді ол "Үлкен жиырмалық" елдерінің денсаулық сақтау және қаржы министрлерінің кездесуінде.
ДДСҰ басшысының пікірінше, келесі пандемияға дайындалу үшін қазіргі пандемиядан сабақ алу керек.
Гебрейесустің айтуынша, әлемдік қоғамдастыққа "күшейтілген" ДДСҰ, пандемиямен күресті қамтамасыз етудің жаңа қаржылық тетігі, денсаулық сақтау саласындағы қатерлерге қарсы күресті қаржыландыру жөніндегі кеңес құру қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также