ДДСҰ басшысы Тоқаевты "құда" деп атады

aqorda.kz

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус конференция барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туысына теңеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус конференция барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туысына теңеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана декларациясының қабылданғанына бес жыл және алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толуына арналған халықаралық конференция барысында ДДСҰ басшысы өзін Қазақстанның бір бөлігі деп санайтынын мәлімдеді.

"Құрметті құда мырза, Президент Тоқаев. Құрметті министр Ажар Ғиният ханым. Құрметті министрлер, әріптестер, достар. (..) Сөзімді "қайырлы таң" деп бастағым келеді. Қазақстанға келу - үлкен мәртебе. Қазақстанды өз елім деп санаймын және Президент Тоқаев пен министр Ажар Ғиниятқа МСАК саласындағы көшбасшылығы үшін алғыс айтқым келеді. Осы конференцияны ұйымдастырғандарыңыз үшін көп рақмет", - деді ДДСҰ басшысы.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Гебрейесус туыстық қатынасы туралы айтқан еді.

"Менің келінім қазақ, сондай-ақ менің 2 немерем ішінара қазақтар. Сондықтан Қазақстан - менің бір бөлігім, ал мен Қазақстанның бір бөлігімін", - деді Тедрос Адханом Гебрейесус Астанада өткен конференцияда сөйлеген сөзінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама