ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2022 | 13:36
ДДСҰ биыл мамырда әлем билігін басып алуды жоспарлап отыр - фейк
Әлеуметтік желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз құрамына қатысушы елдерге COVID-19 туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлеп жатыр. Бұл құжат ДДСҰ-ның әлемдегі билікті басып алуына мүмкіндік береді деген жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратта пандемия келісімі туралы айтылады. Бұл келісім туралы ақпарат ДДСҰ-ның ресми сайтында 2021 жылғы 1 желтоқсанда жарияланған. Бұл жолы ДДСҰ оны кеңейтіп, түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл құжаттың әзірленетіні туралы COVID-19 пандемиясы кезінде хабарланған болатын.
Халықаралық келісім пандемияның алдын алу, дайындықты қамтамасыз ету және әрекет ету шараларын қабылдау тетіктерін нығайту үшін әзірленеді. Бұл құжат ДДСҰ-мен біржақты қабылданады немесе кез келген тәуелсіз мемлекеттердің конституциясынан асатын заңды күшке ие болады деп еш жерде жазылмаған. Сондай-ақ, бұл ДДСҰ-ға бүкіл әлемде билікті басып алуға негіз береді деп те айтылмайды.
Керісінше, ұйымға қатысушы елдер жаңа келісімді талқылауға қатысып, оған түзетулер мен ескертулер енгізе алады. Мысалы, АҚШ пен Үндістан, Бразилия және т.б. мемлекеттер секілді.
Келісімнің биыл мамыр айында күшіне енетіні шындыққа жанаспайды. Алдын ала жоспар бойынша, бұл 2024 жылы жүзеге асуы мүмкін. Оған дейін құжат талқыланады.
Демек, ДДСҰ әлемде билікті басып алуды жоспарлап отырған жоқ және әзірленіп жатқан құжат ұйымға үкіметтерді құлатуға және билікті басып алуға жол бермейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также