ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2020 | 15:29
ДДҰ "COVID-19-ға қарсы вакцина Тараз тұрғындарына сыналады" деген ақпаратты жоққа шығарды
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі Тараз тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина сыналады деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі Тараз тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина сыналады деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ДДҰ Қазақстан тұрғындарына вакцина сынағын өткізбейді және ондай жоспар жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен ДДҰ қызметі туралы материалдарды дайындау кезінде және шынайы ақпарат алу мақсатында ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесіне хабарласуды сұраймыз", - деп жазды ұйым өкілі Facebook-те.
Еске салайық, бүгін бірнеше БАҚ-та Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинаны Тараз тұрғындарына сынайды деген ақпарат тарады. Бұл үшін 200 мың теңгеден берілетіні айтылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также