13 мамыр 2020 09:17

ДДҰ Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына баға берді

© REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларына жоғары баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларына жоғары баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ханс Клюге Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстанда COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға белсенді атсалысып жатқан ел ретінде келтірген. Ол Қазақстанның нақты қай шараларына жоғары баға беретінін атап өтті:

Реклама
Реклама
Күшейтілген бақылау; Жаппай сараптама өткізу, оның ішінде медициналық қызметкерлер бар; Мәліметтердің сандық жиынтығы; Дерттің алдын алып, науқаспен байланыста болған адамдарды бақылау; Науқастарды дұрыс емдеу; Зерттеу жүргізу.

Айта кетейік, cоңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 279-ға жетті, 32 адам қайтыс болып, 2 223 адам айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram