ПОДЕЛИТЬСЯ
29 тамыз 2020 | 15:24
ДДҰ коронавируске қарсы Қазақстан вакцинасын клиникалық сынаққа жіберді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируске қарсы Қазақстан вакцинасын ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"ДДҰ ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енген", - делінген хабарламада.
Деактивацияланған вирусы бар Қазақстан вакцинасы клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын кестеден көруге болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также