20 сәуір 2021 | 18:22

ДДҰ сапар кезінде вакцинацияны талап етпеуге кеңес берді

Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) төтенше жағдай жөніндегі комитеті елдерге шекарадан өткен адамдардан СOVID-19-ға қарсы вакцина салдырғаны туралы құжаттарды талап етпеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДҰ сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) төтенше жағдай жөніндегі комитеті елдерге шекарадан өткен адамдардан СOVID-19-ға қарсы вакцина салдырғаны туралы құжаттарды талап етпеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДҰ сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ өкілдері қазіргі уақытта әлемде вакцина таралуында теңсіздік барын және екпе салдырғаныңды дәлелдеу талаптары жағдайды нашарлатуы мүмкін екенін айтты.

"Қатысушы мемлекеттерге вакцинацияны дәлелдеуге талап қою теңсіздікті күшейтіп, қозғалыс еркіндігіндегі айырмашылықтарға ықпал етуі мүмкін екенін мойындау ұсынылады", - делінген ДДҰ мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сарапшылар халықаралық саяхатшыларға қоғамдық денсаулықты сақтау үшін қолданылатын шараларға байланысты қаржылық ауыртпалықты азайтуға кеңес берді, мысалы, тестілеу, қонақүйлерде оқшаулану және вакцинация ақысын.

Бұған дейін ДДҰ басшысы СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болатынын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная