ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2020 | 10:58
ДДҰ сарапшылары мектептердің ашылуына қатысты пікір білдірді
Індеттің өршуіне жол бермеу үшін білім беру мекемелерінде сақтық шараларын қолға алу керек. Мұндай пікірді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Індеттің өршуіне жол бермеу үшін білім беру мекемелерінде сақтық шараларын қолға алу керек. Мұндай пікірді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кішкентай балаларда ауру жеңіл формада өтеді. Алайда кейбірі қатты ауырады. Әсіресе, созылмалы аурулары бар балалар", - дейді ДДҰ-ның төтенше жағдай жөніндегі бас директоры Майк Райан.
Оның айтуынша, мұндай балаларды коронавирустан қорғау керек.
ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне жастарды кінәлады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары кішкентай балалар коронавируспен жиі ауырмайтынын, инфекция таратпайтынын атап өтті. Алайда жасөспірімдер инфекция таратуы мүмкін.
"Барлығымыз мектептің ашылғанын, балалардың партаға оралғанын қалаймыз", - дейді ДДҰ өкілі.
Осы орайда Майк Райан коронивирус жұқтыру дерегі азайған елдерде ғана мектептерді ашу керегін атап өтті.
"Вирустың таралуын бақылауға алған жерлерде ғана мектептерді ашу керек. Мен инфекция мүлдем жоқ жерлерді айтып тұрған жоқпын. Мәселе жағдайды бақылауда ұстауға қатысты. COVID-19 вирусы өршіп тұрғын жерлерде, мектептерді ашатын болсақ, жағдай одан әрі ушығады", - дейді Майк Райан
Оның пікірінше, мектептерді ашқан кезде сақтық шараларын қатаң ескеру керек.
Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар қашықтан оқиды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также