Дефлимпиада ойындарының жүлдегері Ләззат Бақтиярова қайтыс болды

© abainewskz

Семейде Дефлимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова өмірден озды. Бұл туралы сенбі, 8 шілдеде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Abai News Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Семейлік спортшы дзюдодан түрлі әлемдік турнирлер мен чемпионаттарда Абай облысының абыройын асқақтатты.

Реклама
Реклама

Ол Әлем чемпионатының, XXIV Жазғы Дефлимпиада ойындарының және Азия-Тынық мұхиты елдерінің бірінші ойындарының қола жүлдегері болды.

Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бір ай бұрын, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан "Қарағайлы" шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама