06 сәуір 2020 12:12

Декретке шыққанына бір жылдан асқан әйелдер 42 500 теңге ала алады - министр

Фото: kievvlast.com.ua

Енді декретте отырғанына 1 жылдан асқан аналар 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш білдіре алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрдің айтуынша, төтенше жағдайға байланысты аналар бір жылдан кейін жұмысқа шыға алмай отырған соң осы жәрдемақыны алуға құқылы.

Реклама
Реклама

"Оларға балаларының күтіміне бір жыл толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жыл асқаннан кейін сұранып жұмысқа барар еді. Бірақ қазір жұмыс ешкім алмайды, шақырмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жиынтық төлем аударып, осы 42 500 теңгеге үміттенуге болады", - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, қазір 42 500 теңге алуға өтініш білдіретіндердің банктерде есепшоты болмағандықтан қиындық шығып жатыр. Осы орайда министр өтінішті ешқандай есепшот көрсетпей, тапсыра беруге болатынын айтты.

42 500 теңге төлемді алудың жаңа әдісі көрсетілді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram