ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2024 | 17:31
Демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер демалыс және дүйсенбі күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер демалыс және дүйсенбі күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арланған ауа райы болжамы
8 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы.
9 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады - 9-14, жел екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.
10 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 27-29 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
8 маусымда қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
9 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 32-34 градус жылы.
10 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 34-36 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также