16 қараша 2018 | 13:00

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 17-19 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 17-19 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.

Реклама
Реклама

"Батыс Сібірдің және Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжитын атлантикалық циклондардың әсерінен Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды. Сондықтан демалыс күндері температураның жоғарылауы болжанады. Бірақ кей жерлерде қар, бұрқасын, желдің күші 15…20 м/с жетеді. Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа температурасы жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін", - деді "Қазгидромет" өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная